Стандарт техникалық шектеулерді қамтиды. Оны әзірлеушілер ең жоғары жылдамдықты 25 км/сағаттан асырмауды ұсынды.
Нұр-Сұлтанда жаңа ережелердің техникалық талқылауы өтіп, оған әзірлеушілер мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Жылдамдықты шектеуді енгізу себептерінің бірі Қазақстанда аталған құралдардың қатысуымен болатын апаттардың көбеюі болды.
"Мұны велосипедке теңегендер мен мопед немесе мотоцикл деп ойлайтындар арасында үлкен пікірталас болды. Бұл стандарттарды әзірлеудің негізгі себебі классификация болып табылады. Ең алдымен, бұл стандартты әзірлеуге үкімет тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі бастамашы болды. Осы стандарт аясында біз скутердің максималды жылдамдығын 25 км/сағ-қа дейін қамтамасыз еттік, сонымен қатар жаяу жүргіншілер режимінің мүмкіндігін қарастырдық", – деді "АгромашХолдинг KZ" АҚ базасындағы "Доңғалақты көлік құралдары және ауыл шаруашылығы машиналары" стандарттау жөніндегі №87 техникалық комитетінің төрағасы Ербол Сейпилов.
Құралай Құдайберген