Электр станцияларында 4,7 млн тонна көмір қоры бар

161

Қыркүйек айындағы жағдай бойынша, мекемелердің 90%-ында бұл қор жиналған.  

Электр станцияларында 4,7 млн тонна көмір қоры бар Фото: Global Look Press

ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов оның өзіндік нормативі болатынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Егер көмір өндіретін мекемелер электр станцияларына 200 шақырым жақын болса, онда он тәуліктік, ал одан алыстау болса, 20  тәуліктік қор болуы керек. Бүгінгі күні осы қорлар жиналып жатыр. Бұл норматив жылыту маусымы басталғаннан жұмыс істейді.

"Қыркүйек айында барлық мекемелер қор жинауға дайын, жалпы 90%-ында бұл қор жиналған. 3-4 мекемеде бұл жұмыстар жалғасуда. Мазутпен қамтамасыз ету де бақылауда. Бүгінгі күні 90 мың тоннаға жуық мазут бар", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Ал мазуттың бағасына келер болсақ, әлеуметтік мазуттың бағасы нарықтық бағадан төмен деңгейде бекітілді. Нарықта оның құны 150 мың теңге көлемінде болса, әлеуметтік санатындағы мазут 115 мың теңгеден сатылады, оны қыркүйек айынан бастап мекемелер ала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу