Электр станцияларының бұзылуы Қазақстанға мұнай өндіруді қысқартуға және ОПЕК+ мәмілесі шеңберінде өзіне алған міндеттемелерін орындауға көмектеседі, деп жазады Inbusiness.kz.
"Қазақстанда соңғы уақытта әртүрлі себептерге, оның ішінде энергия көздеріндегі аварияларға, сондай-ақ кен орындарында ағымдағы және күтілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өндірудің төмендеуі байқалуда, бұл тұтастай алғанда республиканың ОПЕК+ келісімі аясында өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтау жөніндегі ниеттерін іске асыруға ықпал етеді", - делінген Энергетика министрлігі хабарламасында.
Республика мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және өндірісті одан әрі төмендету бойынша консультацияларды жалғастыруда.
Сәуір айында Қазақстан ОПЕК+ елдеріне қосылып, мұнай өндіруді өз еркімен қысқартуға келісті. Маусым айында еліміздің Энергетика министрлігі өндірісті тәулігіне 78 мың баррельге төмендету туралы шешім 2024 жылдың соңына дейін ұзартылатынын хабарлады.
"Қазақстан ерікті түрде өндіріс көлемін азайту туралы сәуір айында жариялаған ОПЕК+ қатысушы елдермен келісім бойынша алдын алу шарасы ретінде 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 78 мың баррельге өндірісті қысқартуды ұзартады", — делінген хабарламада.