Электр және жылумен жабдықтау саласындағы мамандардың жалақысы өте төмен

1310

Сегменттегі жоғары сұранысқа ие бес маманның жалақысы 82 мың – 94 мың теңге аралығында. 

Электр және жылумен жабдықтау саласындағы мамандардың жалақысы өте төмен

2020 жылы электр және жылумен жабдықтау саласында 104,2 мың адам жұмыс істеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға аз. Мамандардың саны жылдан жылға азайып барады, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың соңғы тоқсанында сектордағы жалақы орта есеппен 217,1 мың теңге болған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13,3%-ға артық.

2020 жылдың алғашқы үш тоқсанында бұл көрсеткіш 173 мың – 178,6 мың теңге аралығында болды.

Электронды еңбек биржасының дерегінше, өткен жылдың қаңтар–қазанында
электрмен жабдықтау саласында ең көп сұранысқа ие электр монтері және жоғары вольтты желілер бойынша жөндеушінің жалақысы 85,5 мың теңге болған.

Бұл сегментте 1,4 мың бос орын бар. Оның ішінде 1,2 мыңға жуық бос жұмыс орны электр энергиясын өндіретін операторларға тиесілі. Мұндағы жалақы – 81,6 мың теңге. 

Саладағы жоғары сұранысқа ие үздік он бос жұмыс орнындағы жалақы 66,6 мың – 110,9 мың теңге аралығында. 

Сондай-ақ салада арнайы бөлімшелердің басшылары, кәсіби мамандар, электр техникасы инженерлері, өнеркәсіп пен өндірістегі инженерлер, көмекшілер,
электроника және коммуникация бойынша операторлар мен техниктер, электрлер сынды маман тапшылығы байқалады. 

Алайда электронды еңбек биржасындағы жалақы ресми орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мысалы, саладағы басшылардың жалақысы 140,1 мың теңге, кәсіби мамандардың жалақысы – 114,3 мың теңге.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу