Электр желілері күрделі жөндеуден өтіп жатыр

794

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев алда атқарылатын жұмыс жоспарын жариялады. 

Электр желілері күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Министр биыл 20 458 шақырым электр желісі, 441 қосалқы станса, 4315 тарату пункті мен трансформаторлық станция күрделі жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жүйелік оператор бекіткен электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес, 8 энергоблок, 48 қазандық және 49 турбина жөнделеді. Қазір 4 энергоблокта, 13 турбинада сонымен қатар 15 қазандықта жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл іс 4 қазанда аяқталады", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу