БҚО әкімі аймақтың ең өзекті мәселелерін айтты

1238

Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аймақты дамытудың кешенді жоспарын таныстырды. Баяндама барысында проблемалық мәселелерге тоқталды.

БҚО әкімі аймақтың ең өзекті мәселелерін айтты

"Біріншіден, аймақты тауарлық газбен қамтамасыз ету мәселесі. Біздің облыс тауарлық газды ірі жеткізуші болғанымен, әлеуетті инвестициялық жобаларымыз газбен жабдықтауға техникалық шарттарды алудан бас тартқандықтан іске асырыла бермейді. Одан кейін электр желілері мен автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі тұр. Электр желілері мен автомобиль жолдары басқа Батыс облыстарға қарағанда бізде ұзын екенін айта кетейін. Орал мен Ақсай қалаларындағы жылу, сумен жабдықтау, кәріз-тазарту құрылғыларын қайта жаңарту керек. Қалалардағы инфрақұрылым желілерінде көптеген апат болғаны баршаға белгілі", – деді Есқалиев. 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары жалпы сомасы 2,6 трлн теңгені құрайтын 116 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджет – 416,1 млрд теңге, жергілікті бюжет – 117,8 млрд теңге, жеке инвестициялар – 2,1 трлн теңге. 

Фото: zhaikpress.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу