Электрокар иелеріне 3 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

183

Көлікке жасыл түсті арнайы белгі жабыстырылуы керек.  

Электрокар иелеріне 3 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін Фото: китайские-автомобили.рф

Ондай белгі болмаған жағдайда 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелердің 9-тармағына сәйкес көлік құралдарында 150 мм жасыл түсті шаршы түрінде және электромобильдің артында қара түсті 7.22 жол белгісі бейнеленген "Электромобиль" тану белгісі орнатылады.

"Мұндай белгінің болмағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 620-бабына сәйкес, ережені бірінші рет бұзғаны үшін ескерту, ал бұзушылық екінші рет және одан көп мәрте қайталанған жағдайда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған", - деді спикер.

Оның айтуынша, бұл белгілер бірінші кезекте электрокар иелеріне ыңғайлы болу үшін ұсынылған, өйткені басқа көліктер тоқтай алмайтын арнайы жанармай құю бекеттері, тұрақ орындары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу