Электромобиль батареясы арзандап жатыр

550

Литий-ионды аккумулятордың бағасы 10 жылда он есе арзандаған. 

Электромобиль батареясы арзандап жатыр

BloombergNEF зерттеушілері берген мәліметке сүйенсек, 2010 жылы киловатт-сағаты 1100 доллар тұрған литий-ионды батареялардың құны қазір 89 % түсіп, 137 доллар болды. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш киловатт-сағатына 100 долларға түседі, тіпті никель, кобальт, литий және басқа шикізат қымбаттаса да, бөлшектің құны бұрынғы межеден аспайды. 

Электромобиль бағасының 30 %-ы батареяға кеткен шығынға байланысты. Мамандардың есебінше, автоөндірушілер батареяны киловатт-сағаты 100 доллардан аспайтын бағаға сатып алса электромобиль бағасы айтарлықтай түсіп, іштен жанатын моторы бар көлікпен біскеге түседі.  

Биыл батарея бағасы өткен жылмен салыстырғанда 13 %-ға арзандады. ixbt.com бұған электромобиль алушылар санының артуы себеп болғанын жазды. Катодтардың жаңа құрамы мен өндірісті оңтайландыру бағаны әрі қарай төмендетуге жағдай жасайды. 

Олжас Оқас

Фото: hevcars.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу