Электромобиль еліміздің қай өңірінде көп?

1674

Әлемде электромобиль нарығы 43% өскен. 

Электромобиль еліміздің қай өңірінде көп?

Елімізде электр қуатымен жүретін көліктер саны бір жылда 10% қысқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстанда 3,8 млн жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% аз.

Оның ішінде 0,014% ғана электр көліктер болып саналады. 2019 жылғы көрсеткіш – 0,02%. 

Электромобильдер саны бір жылда 10,1% азайып, биыл маусымның басында 528 көлікке дейін қысқарды. Екінші жыл қатарынан көрсеткіш төмендеп келеді. Мысалы, 2020 жылғы мамырда елімізде 587 электромобиль болған.

Сонымен қатар Қазақстанда газбен жүретін көліктер саны 3,3%, аралас отынмен жүретін көліктер саны 3,6% өскен.

Бір қызығы, еліміздегі электромобильдің басым бөлігінде өңірі көрсетілмеген. Электр қуатымен жүретін көліктер саны бойынша Алматы көш басында: яғни бұл қалада 49 көлік, бір жылда минус 22,2%.

Екінші орында елорда (38 электромобиль, минус 15,6%), үшінші орында Қостанай облысы (11 электромобиль, минус 15,4%) тұр.

 


Global Electric Vehicles 2021 есебіне сәйкес, 2020 жылы әлемде электромобильдер саны 10 млн-ға жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 43% көп.

2020 жылы компаниялар 3 млн-ға жуық электромобиль сатқан. Еуропа елдері (1,4 млн көлік), Қытай (1,2 млн көлік) және АҚШ (295 мың көлік) сатып алған.

2020 жылы жеке тұлғалар электр көлігін сатып алуға шамамен 120 млрд доллар жұмсаған. АҚШ-та бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 50% көп.

Сондай-ақ әлемдегі үкіметтер электромобильдерді тікелей сатып алуға және салық шегеріміне 14 млрд доллар жұмсаған, бір жылда плюс 25%. Осыған қарамастан электромобильге жұмсалатын жалпы шығынның ішіндегі мемлекеттің үлесі 2015 жылы – 20%, 2020 жылы –10% төмендеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу