Электромобиль мұнайға сұранысты азайтады

216

Мұндай деректі Goldman Sachs сарапшылары жариялады.  

Электромобиль мұнайға сұранысты азайтады Фото: Getty Images

Электромобильдер саудасының артуы мұнайға сұранысты төмендетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2027 жылдың соңына қарай әлемдік мұнай тұтыну тәулігіне 320 мың баррельге қысқаруы ықтимал. Мамыр айында электромобильдердің үлесі әлемдегі жеңіл автокөлік сатылымының 26 пайызына жеткен. Нарықта Қытай көш бастап тұр.

Әлем бойынша сатылған электрокөліктердің 60 пайызы осы Қытайға тиесілі. Электр көліктерге әсіресе Азия мен Еуропада сұраныс өте жоғары.

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, 2035 жылға қарай әлемде сатылатын әрбір екінші автокөлік электромобиль болады.

Айта кетейік, Қазақстанда мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылған. Соның ішінде электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген. Бұл жалпы көлік санының 0,5% құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу