Электромобиль жүргізушілеріне ақылы тұрақтарда тегін орын беріледі

224

2023 жылдың 1 қаңтарында елімізде электр қозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, қазіргі уақытта 9 мыңнан астам жуық электр көлігі тіркелген.  

Электромобиль жүргізушілеріне ақылы тұрақтарда тегін орын беріледі Фото: neft.by

Осыған байланысты бүгін сенатта электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері заң шеңберінде қарастырылды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"2023 жылдың 1 қаңтарында елімізде электр қозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, қазіргі уақытта 9 мыңнан астам жуық электр көлігі тіркелген. Бұл деректер  электромобиль санының күн санап еселеніп өскендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз мемлекет тарапынан электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуды талап етеді", — деді сенатор Сұлтан Дүйсембинов.

Негізгі заңда келесідей заңнамалық нормалар қарастырылған:

  • ортақ пайдаланылатын жер учаскелерін электрмобильдер үшін беру, электрқуаттау станцияларын орналастыру, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде орналастыру мәселелері;
  • "электромобиль" және "электрозарядты станция" ұғымдарын енгізу;
  • коммуналдық ақылы автотұрақтарда электромобиль көлігінің иелері үшін тегін тұрақ орындарын пайдалану;
  • тұрғын аймақтардағы электрозарядты станцияларды жобалау, орнату және техникалық пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтау;
  • жергілікті атқарушы органдарға электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау бойынша, сондай-ақ электрқуаттау станциялары үшін инженерлік инфрақұрылым ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша өкілеттіктер беру.

Сонымен қатар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне толықтыру енгізу туралы" Заң электр желілеріне өз бетінше қосылғаны үшін, сондай-ақ электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мақсатында әзірленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу