Электромобильдер өздігінен өртене бастады

914

Оқыс оқиға Канада мен Оңтүстік Кореяда тіркелді. 

Электромобильдер өздігінен өртене бастады

Канадада болған төтенше жағдай әлем жұртының назарына ілікті. Гаражда тұрған Kona Electric өздігінен өртеніп жарылды. Иесі полицейлерге машинаны қуаттауға қоймағанын айтты.

Кореяда да осыған ұқсас жағдай болды. Артынша Hyundai сервистік компания жариялаған Yonhap агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурызы аралығында шыққан Kona Electric-тің  25 мың данасы Кореяда, 11 мыңы Солтүстік Америкада, 37 мыңы Еуропада, 3 мың данасы басқа елдерде сатылған. Енді көліктер қайта тексерістен өтеді. 

Электромобильдің тұтану себебі белгісіз, мамандар алдымен проблеманы анықтап, алдағы жұмыстың көлемін белгілейді. Жөндеу қызметі тегін болады, алайда көлік иелерінің электромобильге деген сенімі жоғалды. Бұл – Hyundai компаниясының абыройы үшін үлкен нұқсан.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу