Электромобильдерді пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту қажет

1661

Электромобильдерді пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту қажет

Елімізде электромобильдерді пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту қажет. Бұл жайында "Машина жасаушылардың" 5-ші форумында Мейрам Пішембаев айтты. Оның сөзінше, жыл басында елімізде құрастырылған электромобильдер сынақтан өтті. Ал оны қолданысқа енгізетіндей соған сай қызмет түрлері елімізде жоқ. Сол себепті, кешендік бағдарлама қабылдануы тиіс деді одақ төрағасы. Белгілі болғандай, елімізде келер жылдан бастап JAC электромобильі шығарыла бастайды. Ал машинаның моделі қазан айында Қытайда көрсетіліп, содан кейін Қазақстанда сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.

Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы: "Біз инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұсынысымызды Үкіметке енгізбекпіз. Себебі, электромобильдерді ауқымды түрде өндіріске енгізу үшін біз бір мезгілде көлік құралдарын жөндеу және соған сай жанармай құю бекеттерін де жөнге келтіруіміз керек".

Машина жасау саласында 100 зауыт салынған

Соңғы бес жылда машина жасау саласына қатысты 100 зауыт салынып, 11 мың жұмыс орны ашылған. Оған мемлекеттен 200 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, биыл Ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды шығаруға 4 жарым млрд теңге субсидия ретінде бөлінген. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осы саланың экспортын алға жылжытуымыз қажет деді.

Абылай Мырзахметов, "Атамекен" ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы: "Аударма. Қосалқы мердігерлік шараларды мемлекеттік сатып алуларда ғана емес, индустрияаралық қарым-қатынастарды дамытып және қадағалау қажет. Біздің брендтерімізді насихаттау керек. Ең бастысы экспортты дамытуымыз тиіс. Бүгінгі күні үкімет бізді тыңдауға дайын. Мен осындай бағдарламаны қабылдай алатынымызға сенімдімін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу