Электромобильдердің баж салығы уақытша жойылды

780

Нөлдік мөлшерлеме шетелден электромобиль импорттайтын заңды және жеке тұлғаларға қатысты.

Электромобильдердің баж салығы уақытша жойылды

2020 жылдың 17 сәуірінен 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін одаққа мүше елдерге кіргізілген электромобильдерді баж салығынан босату туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы қабылдады. 

Электр қуатымен жүретін машиналарды салықтан босату шарасы бұған дейін 2016 жылдың 15 қыркүйегінен 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасқан. 2021 жылдың соңына дейін күшінде болатын жаңа мөлшерлеме шетелден электромобиль импорттайтын заңды және жеке тұлғаларға қатысты. 

ЕЭК статистика депараментінің деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-қазан аралығында ЕЭО елдеріне жалпы сомасы 14.86 млн долларды құрайтын 292 электромобиль кіргізілген. Армения импортының үлесі 0.7%, Беларусьтікі – 30.8%, Қазақстанның үлесі – 7.2%, Ресейдікі – 61.3%. Электрлі көліктердің көбісі АҚШ, Қытай, Австрия және Германиядан жеткізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу