Электромобильдерге арналған сымсыз қуаттаушы шығарыла бастайды

459

Осы орайда SAE J2954 деп аталатын автокөлік инженерлерінің қоғамы арнайы стандартты іске қоспақ.

Электромобильдерге арналған сымсыз қуаттаушы шығарыла бастайды

2020 жылы электрлі көлік өндірушілері қуаттайтын сымсыз құрылғылардың жаңа үлгісін жасап шығармақ. Бұл туралы CNET басылымы жариялады.

Аппараттардың жұмыс істеу мәнері смартфондарға арналған сымсыз қуаттаушылардікіне ұқсас келеді екен.Ол үшін бар болғаны көлікті арнайы алаңға қою керек, ешқандай сымның қажеті жоқ. Өндірушілер мұндай алаңдарды қоғамдық орындармен қатар үйлерге орнатуды көздеп отыр. Осы орайда SAE J2954 деп аталатын автокөлік инженерлерінің қоғамы арнайы стандартты іске қоспақ. 

BMW автоконцерні бұған дейін қуаттауға арналған табандықты халық назарына ұсынған еді. Бұл аппарат көліктің астына қойылады. Электрокардың қуаты таусылған кезде автоматты түрде іске қосылады. 

Алайда мұндай қуаттаушылар кең танымалдылыққа ие болмайды дейтіндер де бар. Олардың ойынша, жергілікті биліктің қоғамдық орындарда осындай аппараттарды орнату үшін инвестиция құюы орынсыз болуы мүмкін. Өйткені бірқатар қалаларда қарапайым қуаттаушы стансаларды орнатуға қаржы жеткіліксіз болып отырған көрінеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу