Электромобильге сұраныс азайған

762

2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда электр қуатты тек 11 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұдан бір жыл бұрын ондай көліктердің 39-ы тіркеуден өткізілген еді.

Электромобильге сұраныс азайған

Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныс үш есеге азайды. Бұл туралы "ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚазАвтоӨндіріс" одағының ақпаратына сәйкес, биылғы 7 айдың ішінде әкімшілік полиция органдары барлық үлгідегі 826 101 көлік құралын тіркеді.

"Бұл – өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға көп. Аталған көліктердің 770 640-ы екінші рет тіркелген. Яғни, олардың иесі ауысқан (өткен жылы мұндай санатта 691 084 көлік тіркелген). Бірінші рет тіркелген көлік құралдарының саны 55 461-ге жетіп, 2018 жылдың жеті айынан қарағанда 24,8 пайызға артқан", – делінген хабарламада.

2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша тіркелген көлік құралдарының саны 122 873-ке жетіп отыр (өткен жылға қарағанда 8,1 пайызға артық). Олардың ішінде 113 772-і екінші рет тіркелген.

"2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда электр қуатты тек 11 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұдан бір жыл бұрын ондай көліктердің 39-ы тіркеуден өткізілген еді", – деді "ҚазАвтоӨндірістен".

Қазақстандағы қайта тіркелген көліктердің үштен екісінің жарамдық мерзімі 10 жылдан асып кеткен. Автокөлік нарығындағы келісімдердің динамикасы бұрынғыша отандық парктың ескіріп бара жатқанын көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу