Электронды аукционнан 10,8 млрд теңге түсті

900

Жер қойнауын пайдалану бойынша 273 келісімшарт, оның ішінде көмірсутек бойынша 251 келісімшарт және уран бойынша 22 келісімшарт жасалды.  

Электронды аукционнан 10,8 млрд теңге түсті

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2020 жылы 11 келісімшарт жасалды. Геологиялық барлау жұмысына 99,6 млрд теңгені инвестиция тартылды", – деді министр. 

Нұрлан Ноғаев 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған электронды аукцион ұйымдастырылғанын, бүгінге дейін 2 электронды аукцион өткізілгенін, 15 учаске сатылғанын, бұл рәсімнен 10,8 млрд теңге түскенін жариялады. 

"Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және  тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін орындауы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бағытты қаржыландыру міндеттемесі жер қойнауын пайдалануға арналған 175 келісімшартта қарастырылған. 2020 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын қаржыландыруға 17,1 млрд теңге бөлінді", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу