Электронды денсаулық паспорты не үшін қажет?

4472

Пациенттерге қатысты мәлімет бірыңғай базада сақталады.

Электронды денсаулық паспорты не үшін қажет?

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев орталық коммуникациялар қызметінде электронды денсаулық паспортын таныстырды.

Медицина саласын қағазбастылықтан құтқарып, бірыңғай электронды ақпараттық база қалыптастыру үшін қолға алынған жоба пациент туралы ақпаратты цифрландырады. Бұл денсаулық сақтау ұйымдары науқастарға қатысты мәліметті ортақ дерекқордан көреді, ал науқастар бұрынғыдай ауруының тарихына қатысты құжаттарды өзімен бірге алып жүрмейді деген сөз.

"Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі принципінің бірі пациентке жағдай жасау. Мақсатқа жету үшін қолданысқа электронды денсаулық паспортын енгізген дұрыс деп шештік", – деді вице-министр.

Оның сөзінше, пациенттерге қатысты электронды денсаулық паспортындағы мәліметтер бірыңғай базада сақталады. Пациент келісім берген жағдайда ғана медицина қызметкерлері оған қатысты деректі ортақ дерекқордан қарайды.

"Электронды денсаулық паспортында пациентке қызмет көрсететін және тіркелген медициналық ұйым туралы, учаскелік дәрігердің аты-жөні, рецептің атауы, жазылған күні және оны берген дәріхана сонымен қатар  қойылған диагноз бен хаттама нөмірі сияқты ақпарат болады", – деді Олжас Әбішев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу