Астаналық халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушінің келісімі бойынша оны "Электронды еңбек биржасы" порталына тіркейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс іздеушінің "Электронды еңбек биржасы" порталынан тіркеуден өту мүмкіндігі бар. Астана қаласы бойынша ғана емес, Қазақстан бойынша бос орындарды қарап шыға алады.
Сондай-ақ жұмыс беруші де порталға тіркеліп, бос орын бар екендігі туралы хабарлай алады.
www.enbek.kz порталы "Электронды еңбек биржасы" – бұл жұмысқа орналасуда жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бірігетін цифрлы алаң. Бүгінге дейін порталға 4602 бос жұмыс орны шықты және 2735 түйіндеме жарияланды.
Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік 25 көшесінде, "Өркен" іскер орталығында орналасқан.