Электронды еңбек биржасы биылғы жылдың жазында іске қосылады

895

Электронды еңбек биржасы биылғы жылдың жазында іске қосылады

Оны іске қосу 2017 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Жұмысқа орналаспаған қазақстандықтарға enbek.kz порталы арқылы жұмыс табуға көмектеседі. Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов мәлімдеді, деп хабарлайды  primeminister.kz 

Аталған порталда жұмыс берушілер бос орындар мен болашақ жұмыс орындары туралы мәліметті қалдыра алады. Оған қоса, жұмыспен қамту орталықтарына бару қажеттігі туындамайды. Сайтта әлдеқайда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалған. Негізінен жұмысшы мамандар – тас қалаушылар, дәнекерлеушілер, арнайы техника жүргізушілері, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлер қажет.

"Аталған портал арқылы еңбекпен қамту қызметтері тегін, еркін қолжетімділікте көрсетіледі. Бүгін бұл сайт миллионнан астам көруге ие болды. Бүгінде біз осындай деңгейдегі сайттардың арасында 1 орындамыз, сондықтан, мархаббат", – деді Д. Арғандықов.

Сондай-ақ, еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Жол картасы-2020-ны іске асырудың аралық қорытындысын шығарды. 5 жыл ішінде шамамен 800 мың жұмыссыз адам еңбекпен қамтылған. Нәтижесінде еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды. Сонымен қатар, бүгінде еңбек нарығында 21% деңгейінде өнімсіз жұмыспен қамтудың жоғарғы үлесі түріндегі проблемалар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу