Электронды форматта тіркелген қылмыстық істердің саны артып келеді

552

Биылғы қаңтар айында елімізде 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.  

Электронды форматта тіркелген қылмыстық істердің саны артып келеді Фото: Paryz.kz

Бұл былтырғыға қарағанда 7,8%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

2022 жылғы 12 айда құқық бұзушылықтар саны бір жылда 0,3%-ға, 157,5 мың жағдайға дейін азайды. 

Ресурстың жазуынша, елдегі қылмыс деңгейі жылдан жылға төмендеуде. 

Республикада электронды форматта тіркелген қылмыстық істердің саны артып келеді. Биылғы қаңтар айында мұндай істердің саны 12,3 мыңды құрады. Өңірлік бөлініс тұрғысынан алғанда электронды форматта тіркелген қылмыстық істердің басым бөлігі Алматы (2 мың), Астана (1,6 мың) және Алматы облысында (893) тіркелген.

Өткен жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында электронды форматта 143 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2021 жылға қарағанда 17,2%-ға көп. Электронды форматта тіркелген істердің саны жыл санап көбеюде: 2018 жылы – 15,2 мың іс, 2019 жылы – 44,6 мың, 2020 жылы – 73,5 мың, 2021 жылы – 122 мың іс.

Бүгінде жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарының 60%-ы автоматты түрде анықталады. Оның ішінде республикалық маңызы бар үш қалада  (Астана, Алматы, Шымкент) бұл көрсеткіш 86%-ды құрап отыр. Бұл мақсатта еліміз бойынша 18 мыңнан астам стационарлық автоматты камералар қолданылады.

Электронды түрде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі 2022 жылдың қаңтарында құқық бұзушылықтардың жалпы санының 92,5%-ын құрады. Былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 85,2% болған.

2022 жылдың 12 айында барлық қылмыстан электронды форматта тіркелген құқық бұзушылықтар үлесі 90,8%-ды құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу