Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. Электронды кезек жүйесін "CarGoRuqsat" онлайн броньдау сервисін ҚР ҚМ "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мамандары жасап шығарған және қызмет көрсетеді.
Төрт өткізу бекетінің екеуі Қытай шекарасындағы "Бақты" (Абай облысы) және "Майқапшағай" (ШҚО) бекеттері. "Бақты" бекетіндегі "CarGoRuqsat" сервисі 15 ақпаннан бастап, ал "Майқапшағай" бекетінде 20 ақпаннан бастап іске қосылмақ. Бұған дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Достық", "Нұр-Жолы" өткізу бекеттерінде электронды бекет енгізілген. Ал қалған екі бекет еліміздің оңтүстік-батысында орналасқан. "Темір-Баба" бекетінде кезек 22 ақпанда, ал "Тәжен" бекетінде 27 ақпанда енгізілмек. Екі өткізу бекеті де Маңғыстауда орналасқан. Біріншісі Түркіменстанмен, ал екіншісі Өзбекстанмен шекарада.
Бүгінде жүйеде шамамен кезекті броньдау бойынша 84 мың операция орындаған шамамен 7,5 мың пайдаланушы тіркелген.