Электронды қызметтер үлесі 90%-ға дейін жеткізіледі

2126

1414 бірыңғай байланыс орталығына бір күнде 600 мың қоңырау соғылған.

Электронды қызметтер үлесі 90%-ға дейін жеткізіледі

Цифрлық даму вице-министрі Абылайхан Оспанов электронды үкімет порталы мен 414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы жайлы айтып өтті.

"Бүгін барлық қызметтердің 80%-ын электронды түрде алуға болады. Биылғы жылдың соңына дейін электронды қызметтер үлесін 90%-ға дейін жеткіземіз. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алушылардың саны жылдан жылға артуда. Төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Сол себепті, электронды түрде алуға болатынын қызметтерді халыққа жеткізу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуде. Азаматтардың соққанан қоңырауларына жауап берілуі үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлерінің санын 2 жүзден 2 мыңға дейін жедел түрде арттырдық. Байланыс орталықтары әдетте ең көп дегенде күніне 25-30 мың қоңырау қабылдаса, қазір 600 мың қоңырау соғылған жағдай болды" – деді вице-министр. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу