Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.
Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда министрлік электронды қызметтің қолжетімділігіне емес, сапасын арттыруға ерекше назар аударып жатыр.
"Неге тұрғындар мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алмай, халыққа қызмет көрсету орталығына барады? Біз осы мәселені зерттеп, электронды онлайн қызмет көрсетудің сапасын арттыруға басымдық беріп жатырмыз", – деді министр.
Ол мемлекеттік қызметті eGov, ХҚКО, министрліктер мен әкімдіктердің қызметтері және мобильді қосымшалар арқылы алуға болатынын атап өтті.
"Автокөлікті қайта рәсімдеу үшін Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ерекше сұранысқа ие нөмірлерді арттыру жұмысын пысықтадық. Осы реттегі қадамды заңнамалық түрде бекіту қажет болды. Сондықтан депутаттар тарапынан бізге тиісті қолдау керек, өйткені түрлі нөмір белгілері елімізде сұранысқа ие болып тұр. Мәселен бюджетке қаржы аударып, сатып алуға болатын нөмір белгілері бар. Алайда реттеу іс-шараларымен қамтылмаған нөмір белгілері де бар, оларды да сатып алу үшін заңнамалық тұрғыда бекіткіміз келеді", – деді Бағдат Мусин.
Қанат Махамбет