Электронды оқулықпен оқу міндеттеле ме?

1383

Білім және ғылым министрі жауап берді.

Электронды оқулықпен оқу міндеттеле ме?

Оқушыларға жаңа оқу жылынан бастап электронды кітаптар қолжетімді болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

"1 қыркүйектен бастап ата-аналар министрліктің сайтынан электронды кітаптарды жүктеуге мүмкіндік алады",– деді министр үкімет отырысында.

Министрлік, сондай-ақ, баспалардан оқулықтардың жіберілуіне бақылау жасалатынын айтты. Бүгінде кітаптардың 47 пайызы жеткізілген, жаңа оқу жылына дейін барлық оқулық әр мектепке толық жеткізілмек.

Үкімет отырысынан кейін болған баспасөз конференциясында Аймағамбетов электронды оқулықпен білім алу  міндеттелмейтінін, оны оқушының ата-анасы шешетінін айтты. Бұл жерде мұғалімнің рұқсат беру-бермеуіне де байланысты дейді ол.

Биыл елімізде 3 млн-нан астам оқушы оқиды. Олардың 405 мыңдайы алғаш рет білім ордасының табалдырығын аттамақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 20 мыңға артық. Бала санының бұлайша артуы мектепке 6 жастан қабылдау туралы заңға байланысты болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу