Электронды портал арқылы төленген айыппұлдың 84 пайызы жол ережесін бұзғандарға тиесілі

1029

Электронды портал арқылы төленген айыппұлдың 84 пайызы жол ережесін бұзғандарға тиесілі

Қазақстандықтардың eGov арқылы төлем мөлшері 41,5  млрд теңгеден асты, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төлемдер сомасы 41,5  млрд теңгеден асты. Бұл ретте тек ағымдағы жылдың  9 айында www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар 12,5 млрд-тан астам теңгеге операциялар жасаған. Өткен жылдың статистикасы  бойынша төлемдер мен аударымдар 14,2  млрд теңгеден жоғары соманы құрады.

Одан бөлек, биылдың 9 айында онлайн түрде жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жиірек төленетін болып шықты, олардың үлесіне төлемдердің 84 %-ы немесе 10,5  млрд теңгеден астам сома тиесілі. Келесі салықтар мен баж салығы, алымдар барлық төлемдердің 11%-ын (1,3 млрд теңгеден астам) құрады. Сондай-ақ, азаматтар электрондық порталды Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шоттарын толықтыру үшін белсенді түрде пайдаланады - ол барлық төлемдердің 4%-ы (555 млн теңгеден астам). Ал коммуналдық төлемдерге, БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланысына төлемдер 0,3 %-ды (35 млн теңгеге жуық) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу