Электронды сауда қарқынды дамып келеді

978

2020 жылы Қазақстанның 50 компаниясы "Алтын тасымалдаушы" мәртебесімен Alibaba платформасына енгізілді. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында осылай деді.  

Электронды сауда қарқынды дамып келеді

Ол еліміздегі электронды сауда қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, 2019 жылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, "Интернет экспортерлар мектебі" жобасын жүзеге асырғанын айтты. 

"Осының нәтижесінде 2020 жылы Қазақстанның 50 компаниясы "Алтын тасымалдаушы" мәртебесімен "Alibaba" платформасына енгізілді", – деді Нариман Әбілшайықов.

Басқарма төрағасы орынбасарының сөзінше, "Бастау Бизнес" жобасы аясында маркетплейста сауда жүргізу үшін кәсіпкерлерді оқытатын fintech.atameken.com платформасы құрылғанын баяндады. 

"Біз өз елімізде bastaumarket.kz сервисін құрдық. Ол Etsy.com халықаралық сауда платформасын меңгеруге берілген өтінімдерді біріктіреді. Осы қызмет арқылы қатысушыларға маркетингтік талдау жүргізу, тауарларды жобалау және жылжыту бойынша кеңес сондай-ақ нарықты тәуелсіз пайдалануға үйрету бойынша қолдау алу мүмкіндігі берілді", – деді Нариман Әбілшайықов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу