Электронды шот-фактураны жазып алу үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет

774

Электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің тегін мобильді қосымшасы арқылы электронды шот-фактураны электронды нысанда жазып алуға және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу мен растауды жүзеге асыруға болады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Электронды шот-фактураны жазып алу үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет

Айта кетейік, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы Play Market, App Store дүкендерінде қолжетімді.

"Электронды шот-фактураны жазып алу мен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қызметіне электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің сайты арқылы да жүгінуге болады", – деп толықтырды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің сайты мен мобильді қосымшасын қолдану үшін азаматтарға ұлттық куәландыру орталығының электронды-цифрлық қолтаңбасы қажет. Осы қолтаңба жоғарыда көрсетілген қызметті ақысыз пайдалануға мүмкіндік береді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу