Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекі түтінінің өкпеге ұзақ уақыт әсер етуі зиянды екенін және жасушалардың өліміне әкеліп соғатынын анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz университет сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап. Зерттеушілер кеміргіштерге түрлі тәжірибе жүргізгеннен кейін, осындай тұжырымға келген.
30 ақ егеуқұйрық жүргізілген тәжірибе қорытындысы бойынша, вэйп буы салдарынан ақуыздарды ыдырататын трипсинге ұқсас протеиназалардың белсенділігі артатыны белгілі болды. Жануарлардың тыныс алу органдарында вэйп буының әсерінен құрылымдық ақуыздардың зақымдануы байқалды.
Зақымдану эластаза ақуыздарын ыдырататын фагоциттік жасушалар және ингибиторлық ақуыздардың белсенділігінің төмендеуімен байланысты. Соңғысы кейбір ферменттердің деструктивті әсерінен қорғауға атсалысады. Вэйп буларын үнемі жұту бұл механизмді бұзатын көрінеді.
Табиғат Нұрболат