Электронды темекі
Электрондық темекі, бу генераторы, буландырғыш немесе вейп – темекінің орнына арнайы сұйықтық картридждерін қолданатын электронды құрылғы.
Темекі шегу процесінде сұйықтық қызады, ал темекі шегетін адам оның буын жұтады.
Вейп темекіге тәуелді адамдардың зиянды әдетін тастауға көмектеседі дегенді жиі естиміз. Өндірушілер электронды темекінің түтіні қауіпсіз екенін, ал құрамындағы заттар тәуелділік туғызбайтынын айтады. Алайда дәрігерлердің сөзінше, қазірдің өзінде электронды темекі тәуелділіктің қауіпті атрибутына айналған.
Ресейлік ғалымдар вейп құрамына сынақ жүргізген. Оның құрамында 62% – пропиленгликоль (тұтқыр консистенциясы бар түссіз сұйықтық - PG), 35% – глицерин (тәтті дәмі бар үш атомды алкоголь - VG), 3,6% – никотин (улы алкалоид), 4% хош иістендіргіш бар.
Мамандар вейптардың талапқа сәйкестігі тексерілмейтінін, өндірушілер білгенін істеп жатқанын айтады. Қауіпсіздігі ингредиенттердің сапасына байланысты. Кейбір өндірушілер жоғары тазартылған никотинді және премиум сертификатталған хош иістерді пайдаланса, ал басқалары үнемдеп, құрамын сапасыз қоспалардан жасауы мүмкін, мұндай құрылғыларды пайдалану қауіпті.
Пропиленгликольді үнемі қолдану аллергиялық реакциялардың пайда болуына, өкпенің созылмалы ауруларына және иіс сезудің жоғалуына әкелуі мүмкін. Электрондық темекіде буланатын глицерин бар. Бумен тыныс алғанда, адамның аузы құрғап, жөтел қысып, тамақ пен өкпеде қабыну процесі болуы мүмкін.
Темекінің классикалық нұсқасында көпшілікке таныс никотин вейптерде де бар, ал тәуелділік тудырады.
Адам денсаулығына зияны
Құрамында канцерогендер бар бу организм үшін өте қауіпті. Улы заттардың әсері астма, пневмония, жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Кәдімгі темекіде түтінмен дем алса, электронды буландырғыштарды шегу кезінде адам бумен дем алады. Будың құрамындағы заттардың бір бөлігі өкпеге енеді, ал қалғаны қоршаған ортаны ластайды. Осының әсерінен оттегі жетіспеушілігі пайда болады және дененің қартаю процесі жеделдейді.
Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы хош иістендіргішті вейп шегу өкпенің жасушалық деңгейде бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ескертеді, ал өндірушілер көбінесе табиғи никотинді химиялық затпен алмастырады, бұл әдеттегі темекіге қарағанда ағзаға одан да үлкен қауіп төндіреді.
"Попкорн ауруы"
Жақында ғалымдар вейп "Попкорн ауруының" пайда болуына түрткі болатынын анықтады. Улы түтіндер, оның ішінде вейптердің құрамында бар диацетил өкпеде тыртықтардың пайда болуына және бронхиолалардың тарылуына ықпал етті. Бұл диагноздың электронды темекімен байланысы алғаш рет 2019 жылы анықталды. Мәселен, электронды темекі шеккен 17 жастағы канадалыққа өкпе трансплантациясы қажет болды. Ол облитеративті бронхиттің ең ауыр түрімен ауырған.
Балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше қауіп
Вейп жастарға қауіп төндіреді. Оларда кездесетін никотин балалардың денсаулығына зиян тигізеді. Жетілмеген ағзаның ми қызметіне әсер етіп, ол баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады, бас ауруын тудырады және физикалық белсенділікті төмендетеді. Сонымен қатар бала электронды темекіге тез "отырады" және тәуелділіктен арылу қиынға соғады. Сарапшылар вейп иммунитеттің әлсіреуін, өкпе мен жүрек тіндерінің зақымдануын, когнитивті бұзылуларды тудыратынын атап өтті. Вейптардың әсері уақыт өте келе байқалады, салдарынан бронх демікпесі, созылмалы бронхит және жүрек-қан тамырлары проблемалары тууы мүмкін. Заманауи темекілер қан қысымының жоғарылауына ықпал етеді, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады және эндотелий функциясының бұзылуына әкеледі. Электорнды өнімді тұтынушының жанында отырған адамдарға да зиянды қоспа теріс әсер етеді.
Ескеретін жайт, электронды темекі өнімдері қауіпті құрылғы екенін ұмытпау керек, өйткені олар жарылып немесе тұтанып, апатқа алып келуі мүмкін.
Темекіден немесе вейп: қайсысы зияндырақ?
Темекі шегудің қауіпсіз түрі жоқ. Классикалық темекі де, электронды темекі де денсаулыққа зиян. Алайда никотинге тәуелділікпен күресте бүгінгі күнге дейін ұсынылған барлық баламалардың ішіндегі ең қауіпсізі жанудың жанама өнімдерінің болмауына байланысты булану. Темекіні тұтату кезінде әртүрлі улы заттар бөлінеді, канцерогендер мен улы газдың жағымсыз әсері бар.
АҚШ-тың Ұлттық ғылым, инженерия және медицина академиясының (NASEM) сарапшылары классикалық темекіні электронды никотинді тұтыну құрылғыларына толығымен ауыстыру никотинді тұтынудың қысқа мерзімді жағымсыз әсерін азайтатынын дәлелдеді. Қазіргі уақытта электронды темекіні пайдаланудың ұзақ мерзімді перспективаларына баға беру мүмкін емес.
"Егер біз барлық құрылымдарда тіркелген және өндіріс нормаларына толық сәйкес келетін ресми өндірушілер туралы айтатын болсақ, вейптер кәдімгі темекіге қарағанда қауіпсізірек балама бола алады", – дейді м.ғ.к., радиотерапевт, "Еурооонко" ғылыми қызметі жөніндегі бас директордың орынбасары Денис Романов.
Ұлыбритания мен Нидерландыда Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары электронды құрылғылардың ықтимал қауіптерін және олардың темекі шегушілердің ағзасына әсерін зерттеді.
Ғалымдар ең танымал технологияларды талдады. Темекіні жылыту жүйелері және сұйықтықтағы электронды темекі. Бірнеше жылдық зерттеулердің қорытындысы бойынша ағылшын Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегушілерге электронды баламаларға ауысу туралы ұсынысты дәрігерлерге арналған ресми нұсқаулыққа енгізді.
"Вейп сұйықтығының сипаттамасында никотин туралы ештеңе айтылмаса да, бұл оның жоқ екенін білдірмейді. Электрондық темекі мен вейптарды пайдаланатын адамдар олардың құрамында никотин бар екенін білмейді және тоқтаусыз темекі шегеді. Бұл ауыр аурулардың дамуына түрткі болады", - деп ескертеді зерттеуші.
Қорыта айтқанда, вейп жаңа өнім болғандықтан, оның зияны мен залалы толық анықталып болған жоқ. Десек те қазірдің өзінде көп мөлшерде және ұзақ мерзімде электронды темекіні тұтынған жасөспірімдер әртүрлі асынулармен өкпе және тыныс алу мүшелерін ауыстыруға тура келіп жатқан жағдайлар бар.