Электронды түрде 20 бос жұмыс орны жарияланады – Тамара Дүйсенова

798

Биыл бос жұмыс орындардың алғашқы онлайн-жәрмеңкесі 24-30 маусым аралығында өтеді. Келешекте ай сайын тұрақты ұйымдастыру көзделіп отырған жәрмеңке тек кәсіпорын орналасқан аймақ тұрғындарына ғана емес, барлық қазақстандықтарға бірдей қолжетімді болады.  

Электронды түрде 20 бос жұмыс орны жарияланады – Тамара Дүйсенова

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

"Биыл мамыр айында ERG компаниялар тобымен бірлесіп, білім беру ұйымдарының түлектерін және 35-ке дейінгі жастарды жұмысқа орналастырудың онлайн-жәрмеңкесі пилоттық режимде өткізілді. Компания 350 жұмыс орнын ұсынды. Бір аптаның ішінде жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетін 159 жас іріктеуден өтіп, жұмысқа қабылданды. Олардың арасында еліміздің барлық өңірінің өкілдері бар", – деді Дүйсенова.

Пилоттық жобаның қорытындысы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Цифрлық даму министрліктерімен жан-жақты зерделенді. Талқылауға тау-кен, металлургия саласындағы кәсіпорындардың және "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының өкілдері де қатысты.

"Соның нәтижесінде бұл компаниялармен осы жылдың соңына дейін электронды еңбек биржасына 20 мың бос жұмыс орнын орналастыру туралы келісімге келдік. Оның ішінде IT саласы мен "Ауыл – ел бесігі" жобасы да бар", – деді Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу