"Электронды үкімет порталындағы науқастармен байланыста болғандардың картасы болатын" – Дәурен Абаев

995

Олардың ешқайсысынан коронавирустық инфекция анықталмады. 

"Электронды үкімет порталындағы науқастармен байланыста болғандардың картасы болатын" – Дәурен Абаев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Электронды үкімет порталындағы көпшіліктің түсініспеушілігін тудырған карта туралы ақпарат берді.

"Халықты дүрліктірген электронды үкімет порталындағы карта туралы айта кетсем. Көпшілік оны вирустың таралу картасы деп ойлап қалды. Негізі ол жерде  коронавирустық инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болғандардың саны көрсетілген. Олардың барлығы медициналық тексерістен өтті. Ешқайсысынан коронавирустық инфекция анықталмады. Байбалам салуға негіз жоқ.  Енді карта түсінікті болу үшін жетілдіріледі", – деді министр.

Еске сала кетсек, елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Коронавирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 19 наурыздан бастап карантинде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу