2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында 138 төлем ұйымы тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті), деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында төлем ұйымдарының сервистері арқылы жүзеге асырылған айналымдар 3,8 трлн теңгені құрады (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеді).
Жекелеген төлем ұйымдарында көрсетілетін төлем қызметтері бойынша айналымдардың шоғырлануы байқалады. Мәселен, төлем нарығында жұмыс істейтін төлем ұйымдарының айтарлықтай үлесі (айналымның 74,4%-дан астамы) 15 төлем ұйымына тиесілі.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялардың көлемі жағынан клиенттердің мобильді құрылғылар мен интернет желісінің көмегімен бастама жасаған операциялары бойынша ең үлкен өсім байқалды. 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта мобильді құрылғылар мен интернет желісі арқылы 2 595 млрд теңгеге 291 млн операция жүргізілді (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті).
Қолма-қол ақшаны қабылдауға байланысты операциялар бойынша төлем ұйымдары 804 млрд теңгеге 71 млн операция жүргізді.
Бұл ретте электрондық ақшамен жасалатын операциялар айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр. 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта 369,6 млрд теңгеге операциялар жүргізілді (30,6%-ға өсті).
Төлем ұйымдарының аумақтық таралуы былай қалыптасты: төлем ұйымдарының 92,0% (127 бірлік) – Алматыға, 5,8% (8 бірлік) – Астанаға, 1,4% (2 бірлік) – Қарағандыға, 0,7% (1) – Рудныйға және 0,7% (1) – Қонаев қаласына тиесілі.