Электрондық еңбек биржасы: Түйіндеме саны ұсынылған жұмыс орнынан аз

846

Шілдеде 87 мың бос жұмыс орны, 70,6 мың түйіндеме орналастырылды.

Электрондық еңбек биржасы: Түйіндеме саны ұсынылған жұмыс орнынан аз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шілде айында Электрондық еңбек биржасында 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылған. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 30%-ға төмендеген, ал өзекті түйіндемелер саны 18%-ға артқан.

Сондай-ақ, еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері есебінен біліктілігі төмен кадрларға сұраныс қысқаруда.

"Өткен айдың қорытындысы бойынша мамыр айында көрсеткіштерге жақындай отырып, жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің төмендегені байқалады. Бұл құлдырау фермерлер мен ауыл шаруашылығындағы жұмысшыларға (-70%) және біліктілігі жоқ жұмысшыларға (-43%) сұраныстың төмендеуімен байланысты. Бұл үрдіс маусымдық сипатқа ие, мәселен, өткен жылдың шілде айында бос орындар саны өткен жылдың өткен айымен салыстырғанда 15%-ға төмендеді.

Өңірлер бойынша Жамбыл облысында ұсыныс 71%-ға, Қызылорда облысында – 55%-ға, Ақтөбе облысында – 52%-ға және Солтүстік Қазақстан облысында 48%-ға төмендеген. Алайда Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында ұсыныстың тиісінше 13%-ға және 4%-ға ұлғаюы байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу