Электрондық еңбек биржасында 125 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

1379

Еңбек нарығында бос жұмыс орындары көп, жұмыс іздеушілер аз. 

Электрондық еңбек биржасында 125 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

2020 жылдың мамыр айының басында республика бойынша Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) жұмыс берушілер 125,4 мың бос орынға мамандар іздестірген. Ал жұмыс іздеушілердің түйіндемесі екі есе аз, яғни 75,7 мыңды құрайды, деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшыларының айтуынша наурыз айында бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны күрт азайған. Мәселен 2019 жылдың соңында бос орындар саны 68,9 мың болса, 2020 жылдың наурыз айында 34,2 мыңды құраған. Биылғы жылдың ақпан айында түйіндеме саны 29 мың болса, наурыз айында 20,1 мыңға дейін төмендеген.

"Бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің күрт төмендеуі елде енгізілген төтенше жағдай режимімен тікелей байланысты. Алайда, карантиндік шектеулер алынып, нарыққа жан бітіп, кәсіпорындар жұмысын қайта бастады және олар кадрларға мұқтаж", – деп түсіндірді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті Балжан Шаменова.

Түйіндемелер саны бойынша ең көп сұранысқа ие мамандар автокөлік жүргізушілері (2,6 мың), медицина (медбике) қызметкерлері (2,3 мың) және заңгерлер  (2,2 мың). Ал жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие мамандардың үштігіне - патрульдеу инспекторы, күзетші және медициналық қызметкерлер енді. Ең аз сұранысқа ие мамандықтар (түйіндемелер мен бос орындар арақатынасы бойынша) - заңгер, іс жүргізуші және дене шынықтыру мұғалімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу