Электрондық еңбек биржасында 42 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

1300

 Электрондық еңбек биржасында 42 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Елбасының тапсырмасымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Электронды еңбек биржасы" ақпараттық базасын іске қосқан болатын. Бүгінгі күні интернет-порталда 42 мыңнан астам бос жұмыс орны, 85 мыңға жуық түйіндеме және 48 мың жұмыс беруші тіркелген. Сондай-ақ, 145 мың адам биржа арқылы жұмысқа тұрған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

ҚР азаматтарының нәтижелі жұмысқа орналасуы мен тұрақты табыс табуы ушін  enbek.kz интернет-порталына кіріп, түйіндеме қалдыруына болады. Сайт республика бойынша бос жұмыс орындарының үлкен дерекқорына айналып үлгерді.

"Жаңа жүйенің бұрынғыдан ерекшелігі тың әдіс-тәсілдердің енгізілуі. Жұмысқа орналасу үшін қабілеті бар азаматтар бәсекеге қабілетті ортадағы еңбек нарығында өз орындарын биржа көмегімен таба алады. Сондай-ақ, электронды биржаның мүмкіндіктері еңбек ресурсы және қысқа мерзімді оқыту бағыттарымен кеңейтілетін болады.  Бүгінде мамандықты таңдауда кәсіби біліктілікті  анықтау үшін тест сұрақтары құрастырылған", – дейді Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар, биыл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тіркеудің құқықтық және әлеуметтік негіздерін жасау үшін жұмыспен қамтуды рәсімдеу туралы заң жобасы енгізілген. Бұл жаңа құқықтық бірыңғай жиынтық төлемді құруға көмектеседі.

Министр атап өткендей, ведомстваның нақты бағыты – цифрландыру. Министрлік азаматтардың, оның ішінде мүгедектердің мемлекеттік органдарға өтініш жасамай-ақ, көрсетілетін қызметтерді белсенді жүзеге асырады. Жұмыспен қамту процесі электронды форматқа ауыстырылады: ол – жұмыс іздеуден бастап электронды еңбек кітапшаларын енгізу.

Айта кетейік, аталмыш биржа электрондық еңбек кітапшасына мен  келісімшартына көшуге негіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу