Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары көбейді

Түйіндеме саны да өсті.  

Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары көбейді Фото: Tengrinews

2023 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында 94,9 мың бос жұмыс орны және 74,5 мың түйіндеме орналастырылды. Сәуірмен салыстырғанда бос орындар саны 10,5% – ға (+9 мың), ал түйіндеме 0,9% - ға (+628) өсті.

Есепті айда биржада еңбек ресурстарының жетіспеушілігі 20,4 мың бірлікті немесе орналастырылған бос лауазымдардың жалпы санының 22%-ын құрады. Бұл ретте өңірлердің географиялық орналасуы тұрғысынан кадрлардың профициті алдыңғы айдағыдай оңтүстік облыстарда, атап айтқанда Шымкент қаласына (түйіндеме саны бос орындар санынан 2,4 мыңға немесе 78% - ға асып кеткен) және Түркістан облысына (5,1 мыңға немесе 76% - ға) байқалды.

Мамыр айында бос орындар саны мен түйіндеме айырмашылығының жалпы республикалық көрсеткішіне Қарағанды облысы (бос орындар түйіндемеден 5,6 мың бірлікке асып, жұмысқа орналасуға қолжетімді орындардың жалпы санының 65%-ды құрады) және Ұлытау облысы (бос орындар түйіндемеден 646 бірлікке асып түсті, бұл өңірдегі жалпы қажеттіліктің 46% - на сәйкес келеді) барынша әсер етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу