Электрондық еңбек биржасында жұмыс ұсыныстары мен түйіндемелер үшін жасанды интеллект моделі іске қосылды

285

Енгізілген жасанды интеллект моделі Еңбекминінің ақпараттық жүйелерінің деректерінде оқытылған. 

Электрондық еңбек биржасында жұмыс ұсыныстары мен түйіндемелер үшін жасанды интеллект моделі іске қосылды Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін бос орындар мен түйіндемелер бойынша ұсынымдарды таңдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) моделі іске қосылды.

  • Осы ұсыныс жүйесін әзірлеу кезінде LinkedIn Recruiter іздеу және ұсыныстар жүйесіне ұқсас озық архитектура қолданылды.
  • ЖИ функционалының негізі – бұл түйіндеме мен бос жұмыс орындарының мазмұнын тиімді талдауға мүмкіндік беретін табиғи тілді өңдеу модельдері. Аталған механизм жұмыс берушілерге жұмысқа қабылдау және кадрлық резервті қалыптастыру үшін қолайлы кандидаттарды жылдам және дәл іздеуді, ал жұмыс іздеушілерге мансапты жалғастыру үшін қолайлы бос жұмыс орындары мен перспективаларды тезірек іздеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
  • ЖИ моделі түйіндеменің мазмұнын талдауға мүмкіндік береді, оның негізінде күтілетін жалақы деңгейі, тұрғылықты жері, көшу мүмкіндіктері, дағдылар және т.б. сияқты әртүрлі параметрлерді ескере отырып, ең қолайлы жұмыс нұсқалары мен өз мансабын жалғастыру ұсынылады. Бұл жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де дәлірек және жекелендірілген ұсыныстар береді.

Болашақта заманауи машиналық оқыту алгоритмдерін қолдануды қоса алғанда, жүйені үнемі жетілдіру, өтініш берушілерге олардың дағдыларын жақсарту үшін қосымша білім беру және курстар бойынша ұсыныстар беру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу