Электрондық форматта көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі куәлігін беру сервисі іске қосылды

537

Тиісті ақпаратты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі таратты.

Электрондық форматта көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі куәлігін беру сервисі іске қосылды Фото: informburo.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті мен Техникалық реттеу және метрология комитеті бірлесіп "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінде көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді беру модулінің  іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.

"Бір терезеде" көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді беруді автоматтандыру азаматтарға оны үйде немесе кеңседе қашықтан алуға өтініш беру мүмкіндігін береді. Енді өтініш берушілерге үштен бес жұмыс күніне дейін КҚКҚТК туралы мәліметтерді орналастыруды күтудің қажеті жоқ. Көлік құралын кедендік тазартуды КҚКҚТК алғаннан кейін бірден жүзеге асыруға болады”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу