Электрондық кезек арқылы шекарадан 1 млн-нан астам жүк көлігі өткен

125

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Байдос Байбозин тікелей эфирде мәлімдеді.

Электрондық кезек арқылы шекарадан 1 млн-нан астам жүк көлігі өткен  Фото: istockphoto.com

Қазақстан–Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесі арқылы 1 миллионнан астам жүк көлігі өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл жүйе шекарадан өту үдерісін жеңілдетіп, көлік қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде тасымалдаушыларға түсетін әкімшілік жүктеме азайып, күту уақыты қысқарады.

– Электрондық кезек жүйесі кезең-кезеңімен енгізілді. Бүгінде ол еліміздің барлық шекара бағыттарында, соның ішінде Ресеймен шекарада жұмыс істеп тұр. Осы арқылы жүргізушілер шекарадан өтетін уақытын алдын ала жоспарлай алады, – деді Байдос Байбозин.

Спикердің мәліметінше, жүйе іске қосылғалы бері ЕАЭО елдерімен шекарадағы 36 өткізу пунктінде электрондық кезекті 1 миллионнан астам жүк көлігі пайдаланған. Биылдың өзінде 200 мыңнан астам көлік тіркелген. 

Сондай-ақ жүйе 18 мемлекеттік ақпараттық жүйемен біріктірілген. Соның арқасында тасымалдаушылар өткізу пунктіне бармай-ақ айыппұлдар мен рұқсат құжаттары туралы ақпаратты алдын ала тексере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу