Электрондық қолтаңба жүйесіне хакерлер шабуыл жасады

396

ҚР мемлекеттік техникалық қызметі (МТҚ) қазақстандықтарды "Trojan Downloader" зиянды бағдарламасын іске қосатын фишингтік интернет-ресурстың анықталғаны туралы хабардар етті.

Электрондық қолтаңба жүйесіне хакерлер шабуыл жасады Фото: eadaily.com

Бағдарлама компьютерге Venom RAT v6.0.1 зиянды бағдарламалық жасақтамасын орнатады, деп жазады Inbusiness.kz.

Деректерді ұрлап, веб-камераға қол жеткізеді, сол арқылы шабуылдаушы басқа біреудің компьютерін қашықтан басқаруға мүмкіндік алады. Пайдаланушы Мемлекеттік қызметке сұраныс жасамақ болған кезде NCALayer жаңарту туралы хабарлама арқылы компьютерге енеді.

МТҚ-да мұндай бағдарламаларды жүктемеуге, күдікті сілтемелерге өтпеуге кеңес береді.

"KZ CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет етудің ұлттық қызметі домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат жолдады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына ақпарат алмасу үшін ішкі платформаның көмегімен хабарламалар жіберілді", - делінген МТҚ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу