Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібіне өзгерістер енгізеді

365

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібіне өзгерістер енгізеді Фото: bossagro.kz

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері жөніндегі Заңды іске асыру шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі электрондық жер-кадастрлық карталарды құру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттамада жер-кадастрлық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, топологиялық қателері бар жер-кадастрлық құжаттаманың негізінде ЖМБМК АЖ дерекқорына енгізілген координаттарға жер учаскелері шекараларының орналасқан жері сәйкес келмеген жағдайда түзетуге жол берілетіні көзделеді.

Топологиялық қателерді жою мүмкін болмаған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дауды шешу заңнамалық тәртіппен қаралады.

Өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделмеген жер учаскелерінің шекараларының координаттарының болмауы бөлігінде көзделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу