Самокаттың 93 пайызы Астана мен Алматыға келеді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Электросамокатпен жүретіндер көбінесе жол ережесін сақтамайды. 25 тамыздан бастап біз заңға өзгерістер енгіздік. Электросамокат жүргізушілерінде міндетті түрде каска болу керек. көлік құралының тіркеу нөмірі болуы тиіс. Кикшеринг компаниялардың жауапкершіліктері де бар. Қазақстанда жалпы 9 мың самокат айып тұрағына қойылды. Самокаттың 93 пайызы Астана мен Алматыға келеді. Басқа қалаларда олардың саны көп емес", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.
Ведомство өкілі салада кездесетін мәселелерді атады.
"Елімізде 937 шақырым веложолақ бар, бірақ 2 мың километр қажет. Алматыда – 12 мың, Астанада 9 мың самокат бар", – деп атап өтті спикер.