Электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі

1083

Бүгінде мүдделі мемлекеттік органдар бұл мәселеге қатысты заң жобасының қорытындысын әзірлеп жатыр.

Электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сенатор Нұртөре Жүсіптің депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған дейін Сенат депутаты жол қауіпсіздігі мәселесін көтеріп, электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтқан.

Бұл мәселесе байланысты Үкімет басшысының орынбасары пікір білдірді. Оның айтуынша, кедендік бақылау аясында техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін электросамокаттардың елге әкелінуін шектеуді енгізу үшін Еуразиялық экономикалық одақта техникалық регламентке тиісті толықтыруларды енгізу қажет. 

"Биыл 17 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті аясында реттеу үшін электр самокаттарын қосу бойынша ұсыныс енгізілді. Бұл мәселе мүдделі тараптардың қатысуымен ЕЭК алаңында қаралады", - деді Премьер-министрдің орынбасары депутаттық сауалға жауап бере отырып

Роман Скляр тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу Техникалық регламент жаңарғаннан кейін жүргізілетінін, әрі бүгінде электросамокаттарды құқықтық реттеу үшін Мәжіліс депутаттарының бастамашылығымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленгенін атап өтті.

"Заң жобасы электросамокаттардың жол жүрісіне қатысуын регламенттеу, "шағын электр көлік құралы" ұғымын енгізу, сондай-ақ осы құралдарды басқаратындардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулерді көздейді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар осы заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын әзірлеп жатыр. Көрсетілген актілерді қабылдау электросамокаттарды пайдалану мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу