Астанада шамамен 2500 риелторлық агенттік бар. Бұл туралы Қазақстан риелторларының бірлескен қауымдастығы президенті Елена Грива айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Жылжымайтын мүлік агенттіктерінің нақты саны жоқ, өйткені бұл - кәсіпкерлік қызмет. Яғни ЖШС ашқанда, кәсіпкер айналысатын қызметтің тізімі көрсетіледі. Бұл тізімде "лицензияны талап етпейтін, басқа да қызмет түрлерімен" деген қосымша бар. Тап осы "басқа" дегеніміз кәсіпкердің риелторлық жұмыспен айналысатынын көрсетеді. Тізімде риелторлық жұмысты көрсетіп, іс жүзінде мұнымен айналыспайтындар да болады. Біз krisha.kz порталы арқылы Астана мен Алматыдағы жылжымайтын мүлік агенттіктерінің санын нақтылауға тырыстық. Біздің есебіміз бойынша, Алматыда шамамен 3 мың, Астанада шамамен 2 500 риелторлық агенттік бар", - дейді Елена Грива тілшіге берген жауабында.