Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA турнирінде үшінші кезеңге өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Екінші айналымда Рыбакина қытайлық Сиюй Ванмен кездескен болатын. 1 сағат 34 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын 2:0 (6:4,6:4) есебімен ұтты.
Келесі айналымда Елена Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинаға қарсы кортқа шығады. Кездесу 10 қаңтарға жоспарланған.
Сондай-ақ, ертең тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Софья Кенинмен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу