Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

513

Нью-Йоркте теннистен "Үлкен Дулыға" турнирінің биылғы маусымдағы соңғы бәсекесі басталды.  

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Аталған сынға Қазақстаннан төрт спортшы қатысуда деп Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарлайды. 

Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда белоруссиялық Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен ұтты. 

Екінші кезеңде Елена франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі. 

Михаил Кукушкин испаниялық Пабло Андухаровдан, Юлия Путинцева эстониялық Кайе Канепиден ұтылды. 

Сондай-ақ, италиялық Ясмин Паолиниге қарсы ойнаған Ярослава Шведова да турнирмен қош айтысты. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу