Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында әлем теннисшілерінің жаңартылған рейтингін ұсынды. Қазақстандық Елена Рыбакина қазір әлем бойынша рекордтық 6-орынға ие, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Үздік үштікте ешқандай өзгеріс болған жоқ: польшалық Ига Швентек көш бастап тұр, беларусьтық Арина Соболенко екінші орында, америкалық теннисші Джессика Пегула үшінші орында.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Бұл Еленаның мансабындағы рекордтық орын. Тунистік Онс Жабер бір саты төмендеді, ал бесінші орын американдық Коко Гауфқа тиесілі.
Ал Юлия Путинцева 51-орында қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу