Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Рыбакина 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте Еленаның доп берудегі қателігінен кейін Швентек брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен Е.Рыбакина қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:3. Сосын тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.
Сағат жарымға созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу