Елена Рыбакина әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткерлер тізіміне кірді

346

Маусым қорытындысы бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлердің есімі анықталды.

Елена Рыбакина әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткерлер тізіміне кірді

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина "Жыл ойыншысы" аталымы бойынша үміткерлер қатарына ілінді.

Сондай-ақ жоғары марапатқа таласатындар арасында мына спортшылар да бар:

  • Әлемнің бірінші ракеткасы, "Ролан Гаррос", US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек;
  • Дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер;
  • Әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф;
  • Әлемдік рейтингідегі үшінші үздік, Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу